Дилерлер Toyota Camry-дің бағасын көтермекші, деп хабарлайды ресейлік БАҚ. Олардың болжамынша баға 30%-ға өспек.
Бастапқы кезде Toyota Camry-дің базалық жиынтығы миллион рубльден аспаған еді. Дилерлер жаңартылған седанның бағасын 998 000 рубль көлемінде белгілеген еді. Десе де, бірте-бірте баға шарықтай бастады. Бүгінде «Стандарт» жиынтығы 1 212 000 рубль тұрады.
Бұл баға алдағы уақыттарда өсуі мүмкін. Мәселен, «Стандарт» нұсқасының бағасы 1 295 000 рубльге, «Стандарт Плюс» — 1 286 000-нан 1 350 000 рубльге, «Классик» — 1 351 000-нан 1 415 000 рубльге дейін өсуі мүмкін.