Toyota GT86-ның әйелдерге арналған нұсқасы шықты

430
Toyota GT86-ның әйелдерге арналған нұсқасы шықты

«Тойота» сыртқы түрі айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған GT86-Cb-ның арнайы нұсқасын таныстырды.

Жаңа көлік дөңгелек шамдармен, жантайма қақпақпен, жаңа бампер және КЖЖ жолақтарының көмегімен өзгеше алдыңғы бөлікке ие. Артқы жағында өзгерістер айтарлықтай көп емес – басқа оптика және спойлер. Қақпақ астында ешқандай өзгерістер жоқ. Қозғалыс кезінде спорткар бұрынғыдай 6-сатылы механикамен, сондай-ақ аналогты диапазондағы автоматпен қолжетімді 200-қуатты екілитрлі оппозитникпен жүрзіледі.

650

Арнайы нұсқаның негізі ретінде 2013 жылы Токио автосалонында көпшілікке көрсетілген аттас тұжырым алынды. Жасап шығарушылардың ойынша, Сb (Cool beauty) бірінші кезекте әйелдерге арналған. Автокөлік 23 сәуірде $35 000 көлеміндегі бағамен сатылымға шығады. Бұл $20 800-$25 900 шамасында бағаланып жүрген қалыпты автокөлік құнынан әлдеқайда қымбат. Өкініштісі, арнайы нұсқа Жапониядан тыс жерлерге шығарылмауы мүмкін.

Айта кетерлігі, жақында ғана GT86-ның егізі Subaru BRZ жетілдірілді. Оның сыртқы түрі өзгерген жоқ, бірақ автокөлік бұрынғысынан қатты шасси, электр нығайтқыш және бірнеше жаңа опциялардың өзгеше баптауын иемденген.