Трендте болыңыз: Күзде қандай түсте киіну керек?

117
сән
Фото: schemnositguru.ru

Жылдың алтын кезеңі басталды. Демек, гардеробыңызды жаңа сән маусымына дайындайтын сәт туды. Әр маусымда түстер палитрасы өзгеріп отыратыны белгілі. Ал сіз биылғы күз-қыс топтамасының ең сәнді түстерін білесіз бе?

2019 жылдың күз мезгіліндегі сәнді түстер өзінің ашық әрі жарқындығымен, сондай-ақ қанықтығымен ерекшеленеді. Бәрімізге таныс түстердің жаңа бояулары сәндік топтамалардың жаңа үлгілерін жасауға да ықпалын тигізді.

Chili Pepper (Чили бұрышы)

2019/2020 күзгі-қысқы маусымын испандық чили бұрышы сияқты өткір қызыл түстерсіз өткізе алмайсыз. Жылдан жылға өзгеріп, қызыл түс басты түстердің біріне айналып келеді. Ол тек бұлтты ауа райында ғана емес, сонымен қатар іскерлік кездесу де сенімділік береді. Қызыл — билік пен шексіз энергия түсі.

Фото: liveinternet.ru

Biking Red (Қызыл велосипед)

Жаңа маусымда ұстамды және талғампаз реңктердің жанкүйерлері үшін Biking Red ерекше атауы бар сәнді түс пайда болды. Күз бен қыстың аталмыш түсін тек негізгі бейне ретінде ғана емес, сонымен қатар акцент ретінде де, тіпті аксессуарда да қолдануға болады. Сондай-ақ, осы түстегі маникюр немесе сөмке бейнені толықтырып тұрады.

Фото: liveinternet.ru

Crème de Pêche (Шабдалы кремі)

«Шабдалы кремі» — өте жұмсақ әрі ашық түс. Қызғылт пастель палитрасына жатады. Бұл нәзік түс романтикалық және арманшыл табиғатқа ие сәнқойларға арналған.

Фото: pinterest.ru

Fruit Dove (Жеміс көгершіні)

Fruit Dove құс түсі күзгі-қысқы маусымға ерекше реңк береді. «Жеміс көгершіні» авторлары өздерінің түсін экстраверт сипаты бар, ашық және қуаныш сыйлайтын, көңілді әрі тыныштық беретін деп сипаттаған. Сондай-ақ, олардың айтуынша бұл реңкпен ешқашан назардан тыс қалмайсыз. Қызғылт түстің жанкүйері болсаңыз, ойланбай таңдасаңыз болады.

Фото: liveinternet.ru

Қызғылт — нәзіктік, әйелдік және жеңіл инфантильдік түсі. Бұл жалпы стереотип. Алайда, соңғы жылдары қызғылт түсті реңктер сәннен қалар емес.

Dark Cheddar (Қараңғы чеддер)

Келіп жеткен күздің палитрасына тағы бір ерекше түс қосылды — ағылшынның чеддер ірімшігінің түсі. «Қараңғы чеддер» реңкінің 2 компоненті бар, олар — сары және қызғылт-сары. Сол себепті жаңа түс қанық, өте жылы және көңілді көрінеді.

Фото: glowsly.com

Galaxy Blue (Галактикалық көк)

Бұл нағыз арманшылдардың түсі. Психологтардың пікірінше, қара көк Galaxy Blue — интеллектуалдардың, ойшылдардың түсі. Әрине, бір қарағанда түс тұйық әрі қатал көрінеді. Бірақ нәзік түстермен үйлестірсең әсері өзгереді.

Фото: glowsly.com

Rocky Road (Тасты жол)

Жердің, шаң тастың және жартастардың түсі биылғы сәнге сән қосты. Қара-қоңыр реңтегі жаңа түс Rocky Road деген атау алды. Әмбебап шоколад түсі кез келген түстермен оңай үйлеседі.

Фото: trendsandstyles.ru

Peach Pink (Қызғылт шабдалы)

Бұл жылы реңк барлығына жарасады. Шырынды шабдалы және нәзік қызғылт бірге керемет одақ құрған. Сондай-ақ, Peach Pink күздің басқа түстерімен де жараса кетеді.

Фото: liveinternet.ru

Sugar Almond (Қантты бадам)

Қоңыр түстің тағы бір реңкі. Нағыз күз мезгіліне арналған, сондықтан жаңа маусымның сәнді түстер палитрасынан шықпаған. Ол күннің көз сәулесінен бұтақтан бөлініп, қураға аз қалған жапырақты еске салады.

Фото: glowsly.com

Бірақ басқа да теңеулерді қолданса болады. Мысалы, бадам қосылған кофе. Қандай болса да, Sugar Almond 2019-2020 маусымының ең сәнді түсі.

Bluestone (Сұр-көк тас)

2019/2020 күз-қыс кезеңінің түстер палитрасындағы шаңды сұр-көк түс сабырлы шешімді бейнелейді. Суық, бейтарап, Bluestone шын мәнінде тыныштық, тұрақтылық пен сенімділікті оятады, жылдар бойы өз орнынан жылжымаған көп қырлы тас құрылыстарының көрінісі іспеттес. Bluestone-нің қатаң сипаты іскери дресс-код бейнелерді жасағанда дәл келеді.

Фото: pinterest.com.au

Orange Tiger (Қызғылт-сары жолбарыс)

Ашық қызғылт-сары — белсенді және тәуелсіз адамдардың түсі, таусылмайтын энергияны сипаттайды. Түстің қанықтығы көпшілік арасында ерекшелік береді. Сондықтан іскерлік кездесулерге кимеген жөн.

Фото: glowsly.com

Orange Tige тығыз маталармен жақсы үйлеседі, мысалы, мақта немесе зығыр.

Eden (Эден)

Жұмбақ орманға және табиғат сұлулығына құрмет көрсете отырып, жаңа маусымда дизайнерлер керемет қара-жасыл Eden-ге сенім білдірді. Eden — подуимда көрсетілген жасыл түстердің ең тартымды реңкі. Ғажайыпқа толы сиқырлы түсті кез келген жағдайда киюге болады: классикалық, іскерлік, casual және т.б. Кешкілік көйлек үшін тамаша таңдау болады.

Фото: parmode.com.ua