«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. ТҚЖ жүйесі салымшылардың ақшасын тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту және оларға тұрғын үй заемдарын беру арқылы халықтың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.
Құрылған жылы: 2003 ж
Акционері: «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі».
2003 жылдың шілде айында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды. Осы жылдың қыркүйек айында банктің филиал желісін дамыту және салымшыларды тұрғын үй құрылыс депозиттеріне тарту бойынша кең көлемді жұмыс атқарылды.
2005 жылы банк алғашқы рет заем берді. Бұл — аралық заем еді. 2006 жылы шығынсыз қызметке көшіп, алғашқы тұрғын үй заемын берді. 2007 жылы Банк Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінен рейтинг алды. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазақстандық банктердің алғашқысы болып ISO9001:2000 сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификатын алды. Сыртқы тәуелсіз сертификаттау органы бұл сертификатты жыл сайын растап отырады.
Бұдан кейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қатысу көлемі елеулі түрде кеңи түсті. Оның үстіне, банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үйді өткізу бойынша жекеменшік құрылысшылармен ынтымақтастық жасаса бастады.
Жүйе жұмыс істей бастағаннан бері 2016 жылғы 01 маусымға дейін жағдай бойынша банк жалпы сомасы 2 104 млрд. теңге болатын 970 068 ТҚЖ шартын жасады, салымшылар жинағы 326 млрд. теңгені құрайды, 495 млрд. теңге сомасында 111 044 заем берілді.
Банкке Республикалық бюджеттен 69 200 млн. теңге сомасында кредиттік қаржы бөлінді, 01.06.2016 жылғы жағдай бойынша бөлінген қаражаттың 45 681 млн.теңгесі игерілді.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өз қызметі мен оның сапасын ұдайы жетілдіріп отырады. Банктің депозиттік бағдарламаларының жинақтау мерзімдері 3 жылдан 15 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Ал тұрғын үй заемын беру мерзімі — 6 жылдан 25 жылға дейін. Айта кететін жайт, мемлекет Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларының депозиттеріне сыйлықақы төлеп, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қаржылық қолдау көрсетеді. Мемлекеттің жыл сайынғы сыйлықақысы ынталандырылатын салым сомасының 20% көлемінде (бірақ 200 АЕК-тен артық емес).
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сенімділік, сенім, ашықтық және клиенттері әрі серіктестерімен өзара қарым-қатынасының жоғары сапасы қағидаттарын сақтай отырып, тұрғын құрылыс жинақ жүйесіне қатысу үшін экономикалық тұрғыдан белсенді ел халқының кеңінен қамтылуына ұмтылады.
БАНК РЕЙТИНГІ
Халықаралық рейтингтік агенттік қазіргі уақытта Банкке төмендегі рейтингтерді меншіктеді.
11.05.2016ж. Fitch Ratings кредит қорытындысына сәйкес
27.04.2016ж. Moody’s кредит қорытындысына сәйкес
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА МҮШЕЛІК
Еуропалық құрылыс жинақ кассасы федерациясы Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағы Ынтымақтастық туралы меморандум
ЛИЦЕНЗИЯ
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің лицензияларына ие:
2007 жылдың 20 тамызындағы № 254/1, ұлттық және шетелдік валюталарда банктер жасайтын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге;
2005 жылдың 26 қарашасындағы № 0402100283, клиенттер шотын жүргізу құқығынсыз құнды қағаздар нарығында дилерлік қызметпен айналысуға.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024