ҚТЖ 2017 жылы 6 млн тонна астық тасымалдады

ҚТЖ

Алматы. 4 қараша. 7kun.kz — 2017 жылдың алғашқы 10 айында Қазақстан теміржол желілерінде 6,3 миллион тонна астық тиелді деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі. 

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2017 жылы экспорттық тасымалдың географиялық аясы жаңадан Италия нарығының ашылуына байланысты кеңейген. Бұл бағытта 200 мың тонна астық жөнелтілді. 2016 жылмен салыстырғанда Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан Түркия, Индияға астық  тиеу көлемі артқан. Ауғанстан мен Қытайға ұн тиеу көлемі өскен.

«Қазіргі жүк көлемінің артуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы жүк жөнелтушілердің тапсырысымен астық тасымалдауды уақытында атқару үшін барлық шараларды қолдануда. Тапсырыс күннен күнге өсе түсуде. Біз жүк жөнелтушілерді ұлттық тасымалдаушымен ұзақмерзімдік серіктестік орнатуға шақырамыз. Мұның маңыздысы жоспарлау тиімділігі және тасымалдау үдерісінің нормативтерін белгілеу арқылы тұрақты тасымалдауды қамтамасыз ете аламыз»,-дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ департаментінің директоры Айдар Исақов.

Ақмола және Қостанай жол бөлімшелерінде астық пен ұн тасымалдауды ұйымдастыруды жедел жұмыс тобы штабы тәулік бойы атқарады. Жүк жөнелтушілердің тапсырыстарына орай, астық тасымалдау жоспарын жасақтап, оны тәулік ішінде орындап, астық вагондармен тиісті мөлшерде қамтамасыз етуді бақылау қатаң жүзеге асырылады.

Қазақстандық астық өндірушілердің өнімін тасымалдауға 6289 «АстықТранс» АҚ астық вагондары тартылған. Оның сыртында 2 мың астық вагондары мен мың жабық вагондар жекеменшік иелерінің қолында. Оған қосымша, «Русагротранс» АҚ-ның 400 астық вагоны тартылған. Оның сыртында, Орта Азия, Украина, Балтық жағалауы елдері теміржол әкімшіліктерінің паркі тартылды.

Қазақстан қазан айында астық тасымалына 9 мыңға жуық вагон тартып, тасымалдау үдерісіне қатысатын барлық компаниялардың жұмысын үйлестіріп отырған жағдайда бір миллион тонна астық тасымалдауға болатын еді.

2016 жылдың қазан айында 1 млн тонна астық 7300 вагонға тиелген.

Бұған дейін ҚТЖ жүк тасымалдайтын вагондарды шығарудың жаңа бағдарламасын жасаған еді.