Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі ұзартылды

Қуандық
Фото: informburo.kz

Астана. 8 тамыз. 7kun.kz — Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

«Астананың Алматы аудандық №2 соты күдікті Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімін 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін ұзартты», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрі болған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. Оған алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде пара алып отырды, қызметін асыра пайдаланды және т.б. деген айыптар тағылды.

Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалды.