Uber дрондар арқылы тамақ жеткізу қызметін қосады

271
uber
Фото: ://delo.ua

Алматы. 11 мамыр. 7kun.kz — Uber компаниясы АҚШ-та дрондар арқылы тамақ жеткізу қызметін сынақтан өткізеді деп жазады Bloomberg.

Дрондар арқылы тамақ жеткізу қызметі алғашқы уақытта Американың Сан-Диего деген қаласында сынақтан өтеді. Компания басшы Дара Хосровшахидің айтуынша, тамақты жеткізу уақыты 10-15 минуттан аспайды.

Жаңа қызметті тесттен өткізу шарасы АҚШ-тағы ұшатын дрондарды күнделікті өмірде пайдалану бағдарламасы аясында жүзеге асып жатыр. Былтыр бұл бағдарламаны дамытуды президент Дональд Трамп қолдаған еді.

Uber-ден бөлек, бағдарламаға Alphabet, FedEx, Intel және Qualcomm да қатысып жатыр.