ҰБТ-ның рекорды жаңарды

525
Фото: zhambylnews.kz

Ұлттық бірыңғай тестлеудің бірінші күні Алматыдағы Ы.Алтынсарин атындағы № 159 мектептің екі оқушысы мен № 12 мектептің бір оқушысы 125 балл алған.

Айта кетейік, бірінші күні  ҰБТ Қазақстанның әр аймағындағы 44 орында өткізілген. Тестіге 18 599 түлектің 17 934-і қатысқан. Олардың 13 026 қазақ, 4908-і орыс тілінде тапсыруды таңдаған.

Тест барысында ҰБТ тапсыру ережесін бұзғаны үшін төрт түлек залдан шығарылып, олардың жауаптары саналмаған. 8,5 мың шпаргалка тәркіленген.

Орташа балл — 83,7. Былтыр бұл көрсеткіш 79,7 баллды құраған еді. 50 баллдық межені 2277 (12,6%) бітіруші бағындыра алмаған. 100-ден астам баллды 3834 оқушы (21,3%) алған.

ҰБТ 2-10 маусым аралығында еліміздің барлық аймағында 165 арнайы пункттерде өткізіледі. Тестілеуге түлектердің 72%, 87 мыңнан астамы қатысады. Олардың 63 021 қазақ тілінде, 23 970 орыс тіліндегі мектептерді бітірген.