Ұлттық банктің жалпы валюталық резервтері ұлғайды

2016 жылдың  ҚР Ұлттық банкінің халықаралық валюта резервтері сәуір айында 4%-ға артып,  29,5 млрд долларға дейін көтерілді, жыл басынан бері 5,9%-ды құрады. Бұл туралы қаржы институтының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұлттық банктің таза халықаралық резерві 4,1%-ға өсіп, 28,6 млрд долларға дейін өсті. Жыл басынан бері 6,2% болды. Ал таза валюталық қор көлемі 2016 жылдың сәуір айында 3,8%-ға, алтындағы активтер 4,8%-ға көтерілді. 2016 жылдың басынан бері алтын бойынша активтер 25,3%-ды құрады», — делінген баспасөз хабарламасында.

Ұлттық Банктен хабарланғандай, халықаралық қорлардың артуы ішкі валюта нарығында валюта сатып алудың қамтамасыз етілуімен, корреспонденттік шоттарда шетел валютасындағы қалдықтардың өсуімен және Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен байланысты.

«2016 жылдың сәуір айында Ұлттық қордағы шетел валютасындағы (65,4 млрд доллар) активтерді қоса есептегенде мемлекеттің халықаралық резервтері 2,5%-ға артып, 95 млрд долларға дейін жетті», — делінген хабарламада.