Citi: Ұлыбритания Еуразиялық одақтан шықса инфляция деңгейі 4%-ға жетеді

Егер Ұлыбритания тұрғындары мемлекеттің Еуропалық одақтан шығуына дауыс беретін болса, тұтынушылар бағасының өсімі 3-4%-ға жетуі мүмкін. Бұл туралы Citi банк сарапшыларына сілтеме жасап, Financial Times хабарлайды.

Сондай-ақ, Еуразиялық одақтан шыққан жағдайда корольдіктің фунт стерлингі 15-20%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Мұндай болжамды бұдан бұрын Goldman Sachs сарапшылары да жасаған болатын.

«Егер соңғы жылдардағы жағдайға мән беретін болсақ, Ұлыбританиядағы инфляция деңгейі валюта курсының құбылмалығына тікелей байланысты болады», — дейді Citi экономистері.

Инфляция деңгейінің артуынан Англия банкі негізгі мөлшерлемені бірден көтеруі мүмкін. Бұл ел экономикасына кері әсерін тигізеді. Банк өкілдерінің сөзінше, егер мұндай жағдай орын алатын болса, британдық ЖІӨ өсімі 2017-2019 жылдары 1-1,5 пайызға дейін төмендейді.

Ал мелмекеттің ЕО-дан шығуы туралы Gardian газетінің жүргізген сауалнамасы бойынша тұрғындардың 45%-ы ЕО-дан шығуға дауыс беруге дайын. Респонденттердің 36%-ы Ұлыбритания ЕО-да қалу керек деп есептейді.

Айта кетейік, Ұлыбританияның Еуразиялық одаққа мүше болып қалуы жөніндегі референдум 2017 жылдың соңына дейін өтуі керек.

Фото: ria.ru