Путин үкіметке Валюталық одақ құру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды

557
Путин үкіметке Валюталық одақ құру мүмкіндігін қарастыруды тапс

РФ президенті Владимир Путин Орталық банк пен үкіметке Еуразиялық экономикалық одақтың аясында валюталық одақ құрудың мақсаттылығы бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.

«Ресей банкі мен РФ үкіметіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің орталық (ұлттық) банкілерімен бірлесе отырып Еуразиялық экономикалық одақ аясында болашақ валюталық одақтың мақсаттылығы мен мүмкіндігін қарастырып, валюталық және қаржылық салаларда ары қарайғы интеграция бағыттарын анықтау тапсырылады», — делінген Кремль сайтында жарияланған Владимир Путиннің жарлығында.

Тапсырманың орындалғаны туралы баяндау үкімет басшысы Дмитрий Медведев пен ОБ басшысы Эльвира Набиуллинаға 2015 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тапсырылған.