Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz — Вашингтон, Колумбия округі Илон Масктың The Boring компаниясына National Mall сауда орталығының тұрағында жер қазу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берді, деп мәлімдеді hightech.fm.
Компания өкілдерінің айтуынша, мұнда жоғары жылдамдықтағы Hyperloop темір жол вокзалы салынады.
Washington Post басылымының жазуынша, бұл қалалық департаменттің көлік жоспарының бір бөлігі. Қазіргі уақытта олар жер асты Hyperloop туннельдер желісін құру мүмкіндігін зерттеп жатыр. Әзірше вакуумды қолданудың теориялық идеясы бойынша жолаушыларды тасымалдайтын магнитті бағандардың жылдамдығы сағатына 1000 км/сағ болады.
"Нью-Йорк авенюсындағы жер көлік торабында станция болуы мүмкін"- дейді компания өкілі.
2017 жылдың аяғында штат губернаторы Мэриленд Ларри Хоган «Балтимор мен Вашингтон арасындағы электрлі жылдам көлік тасымалы» бағытында компаниямен бірлескендігін растаған.
Естеріңізге сала кетейік, бастапқы кезде Илон Маск NASA инженерлерімен бірге вакуумды көлік Hyperloop желісінің жоспарын әзірлеген. Алайда ол кезде өз идеясын жүзеге асыруға асықпаған еді. Дегенмен, осы идеяны іске асыруға бірнеше стартаптар кірісіп кеткен. Атап айтқанда, Hyperloop One және Hyperloop Transportation Technologies.
Бірақ 2018 жылдың жазында Маск мердігерлерді жалдамауға шешім қабылдап, бәрін өзі істеуге кірісті. Ол Вашингтон мен Нью-Йорк арасындағы туннель салу туралы билікпен келіссөздер жүргізе бастаған.
Алайда Fortuna басылымының жазуынша, The Boring компаниясы бұл жобаны қалай қаржыландыратын әлі анық емес.
Қания Табыс
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024