Владимир Путин Назарбаевпен кездесу үшін Алматыға келеді

302
Владимир Путин Назарбаевпен кездесу үшін Алматыға келеді
Фото:time.kz

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz — 27 ақпанда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Алматыға келеді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

«Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездеседі. Келіссөздер аясында екіжақты серіктестік мәселелері және  күн тәртібіндегі аймақтық, халықаралық сұрақтар талқыланады», — делінген хабарламада.

Кремльдің баспасөз қызметінен хабарлағандай, диалог кезінде еуразиялық интеграцияны алға бастыруға қатысты кейбір мәселелер қарастырылады.

«Күн тәртібінде негізгі халықаралық тақырыптар қаралады. Көшбасшылар еуразиялық интеграцияны дамытуға қатысты кейбір аспектілерді талқылайды», — деп хабарлайды көрші елдің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, 28 қаңтарда Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы хабарласып, Астанадағы сирияаралық келіссөздерді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс айтқан.