ВТБ банк (Қазақстан) директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz – ВТБ банк (Қазақстан) директорлар кеңесін енді Денис Бортников басқарады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бортников Денис Александрович 2017 жылдың 30 маусымында ВТБ банктің (Қазақстан) директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Оның банк саласындағы жұмыс өтілі 20 жыл. Соңғы 11 жылдан бері ВТБ банкі басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарып келеді.

«Денис Бортниковты ВТБ еншілесінің директорлар кеңесінің басшысы етіп тағайындау – өте салмақты әрі тексерілген шешім. Қазіргі уақытта Денис Александрович банктің шағын және орта бизнес бағытындағы бөліміне жетекшілік етеді. Бұл басым бағыт бойынша 2017-2019 жылдарға арнайы бизнес желісі құрылған. Оның тәжірибесі мен стратегиялық көзқарасы барлық жоспарлардың орындалуына септігін тигізетініне сенімдімін», — деп атап өтті ВТБ банк (Қазақстан) басқарма төрағасы Дмитрий Забелло.

Жалпы директорлар кеңесі мүшелігінде 7 адам бар.