Қымыз бен шұбаттан жасалған балмұздақ патенттелетін болады

Қымыз және шұбат негізінде жасалған балмұздақ патенттеледі деп хабарлайды ОҚО Әділет департаментінің баспасөз қызметі.

Ұлттық зияткерлік меншік институты Шымкент қаласындағы филиалының директоры елге танымал «Ладушки» тауар белгісінің құқық иегері, жеке кәсіпкер С.Г. Лугинамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында зияткерлік меншік объектілерінің түрлері және олардың тіркелуі туралы сөз қозғалды.

Нәтижесінде С.Г.Лугина өзі ойлап тапқан «Қымыз және Шұбат негізіндегі балмұздақ өндірісі» атты өнертабысына патент алуға өтінім толтырып, тапсырды.

Қымыз және шұбат негізінде жасалған балмұздақ қазіргі таңда қаламызда сатылымға шығып, халық арасында сұранысқа ие.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат