Алматы. 15 қаңтар. 7kun.kz – Қытайға тасымалданатын қазақстандық газдың көлемі 10 млрд текше метрге дейін артады. Бұл жөнінде «ҚазТрансГаз» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Ұйымда мұндай шешім «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының екі жақты келіссөздерінен кейін қабылданғандығын түсіндірді.
«2019 жылдың соңына дейін «Қазақстан-Қытай» газ құбырының екі «А» және «В» желінің қуатын арттыру туралы шешім қабылданды. Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауды кеңейту үшін, жаңа компрессорлық станциялар салу және қолданыстағы жаңғырту арқылы Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының өткізу қабілетін арттыру жоспарланып отыр», - деп атап өтті «ҚазТрансГаз» АҚ.
Өз кезегінде, «ҚазМұнайГаз» вице-президенті Қайрат Шәріпбаев Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің газды тасымалдауды және экспорттауды кеңейтуге дайын екендігіне сендірді.
Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінен Орталық Азия-Қытай газ құбыры арқылы Қытайға табиғи газ жеткізілімі 2017 жылы 13,4 пайызға 38,7 млрд текше метрге дейін артты. Трансұлттық газ құбырын 2009 жылдың соңында енгізу басталғаннан бері Қытайға 203,2 млрд текше метр газ тасымалданды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024