Қытай Қазақстан аумағында 44 жобаны қаржыландырмақшы

779
Қытай Қазақстан аумағында 44 жобаны қаржыландырмақшы

Қытай Қазақстан аумағында индустрияландыру бағдарламасының аясында 44 жобаның жүзеге асуын қаржыландырмақшы. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) президиум төрағасы Тимур Құлыбаев хабарлады.

«Қазір екі тарап индустрияландыру картасы бойынша 44 жобаны талқылап жатыр, нақты ненің Қытай жағымен қаржыландырылатыны шешілуде», — деді ол Атырау облысы аймақтық кәсіпкерлер кеңесінің кеңейтілген отырысында.

«Қытай заманауи құрал-жабдық жасауды әлдеқашан меңгеріп алған, біз үшін жаңалық болған дүние оларда қалыпты іс және бізбен бөлісуге Қытай қарсы емес», — деп атап өтті төраға.

Тимур Құлыбаев қазақстандық кәсіпкерлерді жаңа кәсіпорындар ашып, қазіргі барларын кеңейту туралы ойлануға шақырды.

«Кез келген мәселе бойынша, мейлі ол қаржылық сұрақтар, ұйымдастыру, инфқұрылым, тіпті кадр дайындау болсын, біз (ҰКП) қолдау білдіруге дайынбыз», — деді ол.