Қытай экономикалық өсімді қолдау үшін қосымша шараларға дайын

554
Қытай экономикалық өсімді қолдау үшін қосымша шараларға дайын

Егер қажеттілік туындаса, Қытай экономикалық өсу мен сұранысты қолдау үшін қосымша шараларды қолға алуға дайын. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян.

«Экономика өсімі баяулап, нарықта негативті тенденция байқалса, үкіметтің «қосымша құралдары» дайын» — деп мәлімдеді ол.  ЖІӨ дамуына байланысты болжамның төмендегеніне қатысты «Қытай экономикасы 10 трлн доллардан асты және  7% мөлшеріндегі өсім орташа көлемдегі ел экономикасының барлық  көрсеткішіне сай келетіндігін» атап өтті.

Сондай-ақ, Қытай жемқорлықпен күреске белсенді кірісе бастамақ.  «Компартия мен ел үкіметі бұрынғысынша жемқорлықпен күресте белсенділік танытпақ. Бұл қалыптасқан ұстаным», — деді ол Баршақытайлық халық өкілдері кеңесінің сессиясынен кейінгі журналистермен кездесуінде.

Осы жылы Қытай ЖІӨ өсу болжамын 7%-ға төмендетті. Осыған дейінгі жиылыстарда Ли Кэцян экономика жаңа фазаға ауысқандығын, қалыптасқан проблемалар мен құрылымды реормалар жүргізу арқылы экономикалық өсім қарқынын төмендетпеуге тырысатындықтарын мәлімдеген еді. 2014 жылға арналған ресми болжам «7,5% шамасында», ал шынайы өсім 7,4%-ды құрады.