Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша транзиттік контейнер тасымалы 100 есеге өскен
Алматы. 3 қараша. 7kun.kz - Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша транзиттік контейнер тасымалының артқандығы туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «ТрансЕуразия-2017» конференциясында айтты деп хабарлайды ИЖД министрлігінің баспасөз қызметі.
ФИАТА Халықаралық экспедиторлық қауымдастық федерациясы дүниежүзілік конгресінің қорытындысы бойынша Азия мен Еуропа арасындағы теміржол желісінің саны жылдам өскендігі белгілі болды.
Мысалы, 2013 жылы 72 блок-пойыз болса, 2016 жылдың соңында ол 1200-ге жеткен. Қазір Қытайдың негізгі жүк ағыны шығатын нүктеден тұрақты 15 бағытқа Қытай-Еуропа-Қытай контейнерлік теміржол желісі ашылғаннан кейін Қазақстан көлік-логистикалық қызмет көрсету жүйесі енгізді.
ҚХР-ЕО-ҚХР бағытындағы транзиттік контейнер тасымал көлемі 104 мың контейнерге өскен. Бұл көрсеткіш 100 есе көп. 2020 жылға қарай аталған бағыт бойынша тасымал көлемін 800 мың контейнерге дейін жеткізу жоспарланған. Бұдан бөлек, болашақта басқа бағыттарды қосқанда жалпы 2 млн контейнерге дейін жеткізу көзделіп отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024