Қытай Венесуэлаға 5 млрд доллар инвестиция салды

Қытай Венесуэлаға 5 млрд доллар инвестиция салды

Қытай Венесуэла экономикасына 5 млрд доллар инвестиция салды. Бұл туралы ел президенті мәлімдеді деп хабарлайды BBC News.

Венесуэлалық лидердің сөзінше, қаржы «дамытуға жұмсалады», бірақ нақты қандай салаға екендігі айтылмаған. 2014 жылы ҚХР банктерінің Латын Америка елдеріне бөлген несиелер саны 71 пайызға өсіп, 22 млрд долларды құрады. Бұл Халықаралық банк пен Америкаралық банкті қоса алғандағы несиелер көлемінен көп.

Каракас қытайлық салым Венесуэлаға мұнай бағасының төмендеуінен бюджетке түсетін табыстың азаюының орнын толтырады деп үміттенеді. Мұнай нарығындағы дағдарыс ел экономикасына үлкен зиянын тигізді. 2014 жылы инфляция 60 пайызды құрап, елде азық-түлік өнімдерінің тапшылығы байқалды.

Айта кетейік, Қытай төрағасы Си Цзинпинь Пәкістан экономикасына 46 млрд доллар салатындығын мәлімдеген еді. Аталған қаржы Пәкістан-Қытай экономикалық дәлізінің аясындағы жобаларға жұмсалуы тиіс.

Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізін құру бойынша жобаны іске асыру Пекиннің Ұлы жібек жолын жаңғырту туралы жаһандық стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Сарапшылардың сөзінше, Си Цзиньпиннің мұндай жоспарлары  Қытайды әлемдік державаға айналдырып, саяси және экономикалық ықпалын арттыруға бағытталып отыр.