Қытайда 3D-принтерде екі қабатты үй басып шығарылды

534

Қытайда 3D-принтер 3 сағатта екі қабатты үй басып шығарды, деп жазады шетелдік БАҚ. 3D-үй  құрылысымен айналысқан ZhuoDa group фирмасы  сол күні кешке  тағы бір үй тұрғызған.

3D-принтері мұндай үйдің 1 шаршы метрінің құнын төмендетеді   —  жиһаз, сантехника т.б.  барлығы  —  $560 ішіне кіреді. Мұндай үлгіде үй салу үшін, фабрикада тұтастай дайындап шығарады.  Іші  әрленген, сым өткізілген, су құбыры, сантехникасы, жиһазы бәрі орнатылған. Құрылыс алаңына үй 90 пайызға дайын болып келеді.

Фрагменттер құпия ұсталатын арнайы құраммен басып шығарылады,  үй жоғары жылу оқшаулағышымен ерекшеленеді. Жазда салқын, қыста жылы.

Бұған өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан жасалған материалдар кіретіні құпия емес. Сондықтан дайын  үлгіде зиянды заттар жоқ. Басып шығарылған үй 9 магнитудалы жер сілкінісіне шыдас беретіні хабарланады, от пен суға төзімді.

Дайын үлгілерді  басып шығарғаннан кейін бригада үйді  жинай салады. Сондықтан  принтерде  басып шығарылған үй басқа тәсілмен салынған үйлерден арзанға түседі.

Қазір  ZhuoDa group  фирмасының жаңа материалға   22 патенті бар,      40 мемлекеттік жобалармен келісімшартқа қол қойған,  2016 жылы   Zhuoda Group салған үйлердің алаңы 2 млрд. шаршы метрге жетуі мүмкін, ал жиынтық құны  $1,2 трлн. болмақ.

Ақпарат көзі: Қазақпарат