Қытайда әр бес күн сайын бір миллиардер пайда болады

Қытайда
Alibaba founder Jack Ma in Paris in March 2015. (Photo credit: MARTIN BUREAU/AFP/Getty Images)

Алматы. 6 қараша. 7kun.kz — 2016 жылы әлемдегі миллиардерлердің жалпы байлығы 17 пайызға көбейді. Соңғы уақытта байлыққа қол жеткізген адамдардың басым бөлігі Үндістан мен Қытайда өмір сүреді деп хабарлайды Rb.ru сайты. 

Rb.ru-дің мәлімдеуінше, 2016 жылы Қытайдағы миллиардерлердің саны 67 адамға көбейген. UBS және PwC агенттіктерінің қазан айындағы есебі бойынша Қытайда әр бес күн сайын жаңа бір миллиардер пайда болады.

Агенттік Қытайдағы дәулетті адамдардың көбеюіне жылжымайтын мүлік бағасының өсуін, шикізат өнімдеріне тиімді бағалардың болуымен түсіндіреді.

Қытайда алғаш рет АҚШ-ты миллиардерлер саны бойынша (647-ге 538) басып озды. UBS пен PwC-тің есебі бойынша, бұл көрсеткіш алдағы төрт-бес жылда бірнеше есе өседі.