Қытайда ең үлкен алтын кен орны табылды

Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz — Қытайдың Шаньдун провинциясында бұл елдің тарихындағы ең үлкен алтын кені табылды. Бұл туралы Лента.ру сайты хабарлады.

Мамандардың құнды металдың қоры 382,58 тонна беп бағалап отыр. Кеннің жалпы құны 22 млрд доллардан асып кетуі мүмкін. Геологтардың айтуынша алтын қойнауының қатпары 67 метрге жетеді, ұзындығы — 2 километр.

2015 жылдың қазанында Әлемдік алтынның кеңесі жариялаған мәліметтерге сенсек, Қытайдың алтын қоры 1677 тонна, Ресейде — 1288 тонна, Швейцарияда — 1040 тонна. Алтын қоры жағынан алғашқы үштікке АҚШ (8133 тонна), Германия (3381 тонна) және Халықаралық валюта қоры (2814 тонна) кіреді. Ең аз алтын қоры Йеменде (1,6 тонна).