Қытайдың ірі мұнай компаниялары жер сілкінісінен зардап шекпегендерін айтты

мұнай
Фото: scmp.com

Пекин. 9 тамыз. 7kun.kz — Қытайдың ірі  мұнай компаниялары Sinopec пен PetroChina Сычуанда болған жер сілкінісінің шығын әкелмегенін айтты.

Sinopec компаниясына жанармай құю стансалалар желісі мен Сычуандағы мұнай қоймасы тиесілі. Ал PetroChina компаниясы мұнай өңдеу, мұнай және газ өткізумен айналысады. Сонымен қатар, провинцияға табиғи газ өндіреді.

Еске салсақ, 8 тамызда кешкі сағат 21.19-да Сычуан автономды аймағында 7 баллдық жер сілкінісі болды. Одан 13 адам қаза тауып, 175 адам жарақаттанған. ҚХР-ның табиғи апат зардаптарын жою мемлекеттік комитетінің мәліметінше, зілзаладан қаза тапқандардың саны 100-ден асуы мүмкін.