Зейнетақы қорындағы 500 миллиард теңге «Бәйтерек» холдингінің облигацияларына салынады

Алматы. 25 қаңтар. 7kun.kz – Ұлттық банк 2023 жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерін 500 млрд теңге жалпы сомада «Бәйтерек»  ҰБХ» облигацияларына нарық талаптарымен инвестициялайтынын хабарлады.

«Бәйтерек»  ҰБХ» АҚ тартқан қаражат машина жасау, металлургия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, инфрақұрылым және басқа да салалардағы ірі жобаларға кредит беруге жұмсалады. Қаржыландырылатын жобаларды іріктеу және бөлінген қаражаттың игерілуін бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде жүзеге асырылады», – делінген ресми хабарламада.

Қаржыландыру үшін жобаларды іріктеу және бөлінген қаражаттың игерілуі Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде бақыланады.

Холдинг бағалы қағаздар нарығында сенімді қарыз алушы, оның орнықты қаржылық көрсеткіштері мен халықаралық рейтингтік агенттіктердің жоғары кредиттік бағалары бар.

БЖЗҚ зейнетақы активтері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ға нарық кірісі бойынша қайтарымды негізде беріледі. Жоғарыда аталған инвестициялар БЖЗҚ салымшыларына жыл сайын инвестициялық табыс әкеледі. Сондай-ақ Қазақстан экономикасының нақты секторын одан әрі дамыту мен жаңғыртуға елеулі қолдау көрсетеді.