Зейнетақы қорына жаңа басшы тағайындалды

Фото: Tengrinews.kz

Алматы. 13 қаңтар. 7kun.kz — Нұрбибі Наурызбаева Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Бұған дейін Нұрбибі Наурызбаева ҚР Ұлттық банкінің ішкі аудит департаментінің жетекшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы болған.

Айта кетейік, 2017 жылдың 6 қаңтарында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның басшылығы тұтқындалған.. Бұл ақпаратты Ұлттық банктің баспасөз қызметі растады. БЖЗҚ-ның басқарма төрағасы Руслан Ерденаев және оның бір орынбасары уақытша қамау изоляторына жіберілген.

Ал бұдан бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келісім-шартын тексеріген. Нәтижесінде «БЖЗҚ» АҚ мен «Бузгул Аурум» ЖШС арасындағы келісімге сәйкес, оның басшыларына мемлекеттік мекеме болып саналатын қордан 5 миллиард теңге сомасында қаражат жымқырды деп айып тағылды.