«Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы талқыланды

1487
Фото: 163gorod.ru

Бүгін «Коллекторлық қызмет туралы» заң жобасы талқыға түсті.

Ұлттық банк Қаржы нарығының әдіснамасы департаментінің басшысы Нұрлан Әбдірахманов «Коллекторлар қызметі» туралы заң жобасын талқылау барысында осындай мәлімдеме жасады. Одан бөлек,  бұған дейін бақыланбай келген корректорлар қызметі бір тәртіпке келіп, борышкерлердің құқықтары қорғалатын болады.

Төлем жасау мерзімі өткен қарызы бар борышкерлердің үштен екі бөлігі кредиторлардан қашып жүр. Оның ішінде уақыты міндетті төлеу мерзімінен 90 күннен асқан 1 млн 40 мың қарыз алушы бар. Ал 661 мың 778 адам тұтынушылық несие алған. «Бұл төлеу уақыты асқан барлық борышкердің 66 пайызы болса, барлық борышкердің 13 пайызы», — дейді басқарма басшысы.

«Кейбір деректер бойынша, қарызын төлеуден жалтарып жүргендер барлық борышкердердің 64,1 пайыз болса, уақытылы төлем жасайтындар 23,2 пайызды құрайды. «Сайып келгенде, коллекторлардың бар қызметі қарыз алушыны тауып, онымен байланысып, оған төлеу жасау қажеттігін ескертумен аяқталады», — дейді Ұлттық банк өкілі. Қаржы бақылаушысының ақпаратына сәйкес, қазір нарықта 205 коллекторлық ұйым бар, оның 59-ы 17 банкпен жұмыс істейді.

Коллекторлар туралы заң жобасы қабылданса не өзгереді?

Банк өкілінің айтуынша, заңға енгізілгелі жатқан өзгерістер мен толықтыруларда қарыз алған адаммен байланысуға құқы бар субъектілер саны анықталады. Сонымен қатар, коллектордың заңсыз әрекеті әкімшілік құқықбұзушылықтан қылмыстық іске дейін қаралуы мүмкін.

Коллектордың заңсыз әрекеті әкімшілік құқықбұзушылықтан қылмыстық іске дейін қаралады.

«Бұдан былай қарызы бар азаматтарды коллекторға өткізбес бұрын оның жағдайына мән береміз. Қазір нақты кімдердің коллектормен жұмыс істеуге болмайтынын анықталды. Ең алдымен, ол – халықтың әлсіз тобы және денсаулығы нашар азаматтар», — деді Нұрлан Әбдірахманов. Елімізде қазір 205 коллекторлар ұйымы бар, олардың ешқайсының жұмысына бақылау жүргізілмейді.

Одан бөлек, корректорлар мен борышкерлердің қарым-қатынасы жіті бақылауда болып, белгілі бір деңгейге дейін шектеледі. Мысалы, заңда коллекторлар қарыз алушымен тек телефонмен сөйлесу формасында, жеке кездесу, сонымен қатар поштаға хат, я ұялы телефон мен ғаламтор арқылы ғана байланысуына рұқсат етілген.

Фото: businesspskov.ru
Фото: businesspskov.ru

 «Қалаған сәтінде келе алмайтын болады»

«Біз коллекторларға жұмыс күндері 8.00 – 21.00 арасында, ал демалыс күндері 10.00 – 17.00 аралығында ғана хабарласуды міндеттейміз. Қарыз алушымен байланысу бір күннің ішінде жеке кездесу болса бір реттен көп емес, басқа формаларда болса үш реттен аспауы керек. Коллекторлық агенттік, ең алдымен, қауіпсіздік пен құпиялылықты сақтау керек. Агенттік қарыз алған адам туралы банктен алған ақпаратты үшінші адамға айтуына тыйым салынады.  Егер кездесу компания кеңсесінде өтіп жатса, коллектор борышкермен болған барлық байланысты аудио мен видеоға жазып алуы тиіс. Жазылған аудио, не видеода қарыз алған адамға дауыс көтеріп, сес көрсетілсе, я мәжбүрлеу элеметтері байқалса бақылаушы қандай да бір шешім шығарады. Бұл қарыз алушының құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді», — дейді басқарма басшысы.

Банк өкілі құпиялылық туралы тармақты «Егер заң жобасы мақұлданып, қабылданса, қарыз жөніндегі ақпаратты көршілерге, туысқандар мен  басқа да адамдарға айтуға тыйым салынады», — деп түсіндіріп берді.

Бұған дейін Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев бақылауға құзырлы органның алдында банк тұтынушылары өздерінің біраз құқынан қорғай алмай қалатынын айтқан еді. Қарыз алғандар қаржылық қызметті пайдаланушылар қатарынан шығып қалғандықтан, борышкерлердің құқын қорғау мақсатында жазылған нормалардағы мүмкіндіктерін пайдалана алмай жатады.

«Қарыз алушы шағымдануы керек» 

«Қазір нарықта қарызды өндірумен айналысатын ұйымдар қызметінің құқықтық негіздері қарастырылмаған, әрі оларды бақылайтын орган да жоқ.  Бұл коллекторлардың астыртын әрекет етіп, қарызды өндірудің заң мен этикаға қайшы әдістеріне жүгінуге жол ашады. Үшіншіден, қарыз алушыны мәжбүрлі түрде өзіне тиімсіз жанама келісім-шарттарға қол қойдыруы мүмкін», — дейді басқарма басшысы.

Ұлттық банктің айтуынша, қазіргі уақытта қарызды өндіру бақыланбайды. Коллекторлық ұйымдардың ұйымдық-құқықтық формасын «ЖШС» ретінде тіркеу, сонымен бірге оларға коллекторлық агенттік статусын беру ұсынылып жатыр.  Заң жобасы  аясында коллекторларға есептік тіркеу ашып, біріңғай реестр құру да қарастырылған. Коллекторлық агенттіктерге бақылау жүргізу тікелей есептіп тіркеу арқылы жүргізіліп, жұмыс барысы жіті бақылауда болады.

Бақылаушы, өзіне берілетін құқықтар бойынша, заңға қаршы әрекет еткен коллекторды санкция салу секілді түрлі шаралармен жазалай алады. Заң жобасында борышкер мен коллектор қарым-қатынасының тәртібі қалыптасып, қарыз алушығы нақты құқықтар беріледі. Александр Терентьевтің айтуынша, заң жобасының негізгі мақсаты – коллектордан қысым көрген қарыз алушылар  олардың заңсыз айдағанына үнсіз көне бермей, құзыретті органдарға құқын қорғау мақсатында жиі жүгіну дағдысын қалыптастыру.