Жанболат Сәрсенов Дүниежүзілік мұнай кеңесінің вице-президенті болып тағайындалды

Жамболат Сәрсенов Дүниежүзілік мұнай кеңесінің вице-президенті болып тағайындалды

Стамбул. 11 маусым. 7kun.kz –  Жанболат Сәрсенов Дүниежүзілік мұнай кеңесінің маркетинг жөніндегі вице-президенті және Атқарушы комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұл туралы KAZENERGY қауымдастығы баспасөз қызметі хабарлайды.

Жамболат Сәрсенов жаңа қызметінде барлық қатысушылар арасындағы қарым-қатынасты оңтайландыру, ұлттық және халықаралық мұнай компанияларын әрі қарай тиімді дамыту мақсатында кеңестің  беделін күшейту әрі ілгерілету сияқты маңызды бағыттар бойынша Дүниежүзілік мұнай кеңесіне мүше елдердің  жұмыстарын үйлестіреді. Ол Батыс пен Шығыс мемлекеттердің, әсіресе ағылшын тілінде сөйлемейтін елдердің мұнайға байланысты мүдделері мен тәжірибелерін біріктіруге қатысты мәселелерге жетекшілік етеді. Дүниежүзілік мұнай кеңесі аясында талантты мамандар мен тәжірибелі кәсіпқой мамандардың дағдылары мен құзыретін біріктіру және үйлестіру де жаңа басшының басқаруында болады.

Естеріңізге салайық, Стамбул қаласында  22-ші Дүниежүзілік мұнай конгресі өтіп жатыр. Қазақстан 1997 жылдан бері Дүниежүзілік мұнай кеңесінің мүшесі.