Жамбыл облысында Iскер әйелдер қауымдастығы құрылды

775
Жамбыл

Тараз. 28 қыркүйек. 7kun.kz — Жамбыл облысында Іскер әйелдер қауымдастығы құрылды. Бұл туралы облыстың орталық коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Іскер әйелдер қауымдастығының атқарушы директоры Тоғызбаева Күлімхан Майлыбекқызның сөзінше, қауымдастыққа өз жобаларын, бастамаларын іске асыруда дербес, мықты, өмірді жақсы жағына өзгертуге тырысатын әйелдер біріккен.

«Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығы – бұл қызығушылық бойынша бірлестік. Пайдалы болу қажеттілігі, оқуға, тәжірибемен бөлісуге деген құштарлығы – әйелдерге тән қасиет. Бұл олардың түсіне, ұлтына, әлеуметтік жағдайына қарамастан әлемнің барлық әйелдеріне тән сезім«,- деді ол.

Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының басты жобаларының бірі – әйел-саясаткерлер клубын құру болып табылады. Клуб құрамына, оның ішінде мемлекеттік құрылымның басшылары, орындаушы билік, бизнес, Үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ және саяси партиялардағы 20-25 жастан аспайтын әйел көшбасшылары кіреді.

Жамбыл облысының іскер әйелдер қауымдастығы республика көлемінде алғашқы болып өңірдің 10 ауданында өздерінің өкілеттіктерін ашқан.

Бизнес конференцияның басты мақсатының бірі «Жас Қанаттар» ұйымының жаңа құрылымының тұсаукесері болып табылды. «Жас Қанаттар» төрайымы Естай Әсел — Жамбыл облысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін жас әйел кәсіпкерлерді біріктіріп отыр .

«Бүгінгі күнге ұйым мүшелігін саламатты өмір салтын ұстанатын, өздерінің бизнесінде үлкен жеңістерді көздейтін 10 –нан аса жас кәсіпкерлер құрайды,- деді ол.

Іскер әйелдер қауымдастығы көптеген іс-шаралар ұйымдастырады. Жыл сайын балаларды қорғау күніне орай «Жақсының барлығы — балаларға» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізіліп тұрады. «Тілектер орындалады» акциясы аясында тілектері орындалған балалардың саны көбейіп жатыр.

Айгүл Хожантаева