Жамбыл облысының даму әлеуетін анықтайтын жұмыс тобы құрылады

әлеуетін

Алматы. 1 наурыз. 7kun.kz – Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен облыстың даму әлеуетін, құрылатын жұмыс орындарын анықтайтын жұмыс тобын құру бойынша жиын өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Талғат Момышев баяндама жасап, жұмыс тобының жоспары туралы мәлімдеді.

Айта кету керек, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР-ның 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 29-бабына сәйкес және ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды орындау бойынша аталған жұмыс тобы құру негізделген болатын. Ол облыстың әлеуетін, өңірде жаңадан құрылатын жұмыс орындарын анықтаумен айналыспақ.

Бүгінде облыс әкімінің өкімімен аталмыш жұмысшы топ құрылып, оның төрағасы болып облыс әкімінің орынбасары Талғат Момышев сайланды. Төрағаның орынбасары болып облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова, хатшысы болып осы басқарма басшысының орынбасары Надира Жолдасбекова бекітілген.

Жиын барысында Гүлдана Әлімжанқызы облыстың 2019-2023 жылдарға арналған перспективалық даму жоспарындағы бағыттарға толығырақ тоқталып өтті.

Асқар Исабекұлы басты талап ретінде өңірдің экономикасын көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу екендігін баса айтып, әсіресе ауылдық жерлерді дамыту, ондағы жұмыссыздықты жою, шағын кәсіпорындар ашу секілді шараларды қолға алу керектігін баса айтты. Сондай-ақ, өңір басшысы жұмыс тобының барлық мүшесінің әлеуетін толық пайдаланып, даму жоспарындағы әдістемелерді нақты әрі қажетті дүиелерге байлаудың маңыздылығын алға тартты.