NewsЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1

Жаңа жылдан бастап үш автожол ақылы болады

2019 жылдың ортасынан бастап республикалық маңызы бар автожолдар ақылы болады. Бұл туралы ҚР Иныестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Алматы. 19 қараша. 7kun.kz — Министрдің айтуынша, қазан айынан бастап Алматы-Қапшағай, Алматы-Хоргос және Астана-Теміртау учаскелері ақылы тестілеу режимінде жұмыс істеп келеді.

“2019 жылдың қаңтар айынан бастап аталған жол учаскелері ақылы болады”,-дейді министр.

Сондай-ақ, қазір «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізіндегі 5,9 мың шақырым жолға ақы алу жүйесін енгізу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, аталған жолға ақы алу жүйесін монтаждау процесі келесі жылы басталады.

Жалпы алғанда, 2020 жылға қарай 6,6 мың шақырым жолда төлем алу жүйесіне қосылады. 2019 жылы ақылы жолдар бюджетке 5 млрд теңге әкеледі деп болжанған.

Tags

Осы айдарда

Close