Жапондық стартап көру қабілеті нашар адамдарға арнап «ақылды» көзілдіріктер жасайды

арнап
Фото: incrussia.ru

Алматы. 26 ақпан. 7kun.kz — Жапондық Oton Glass стартапы көзі нашар көретін және дислексиямен (жазу мен оқуда мәселелері бар)  ауыратын жандарға арнап камералы көзілдірік жасайды. Соған қаражат жинау үшін Camo fire краудфандингтік платформасын іске қосты, деп мәлімдеді The Verge басылымы.

Құрылғы пайдаланушыға алдында тұрған мәтінді танып, оны сөйлемге айналдыруға мүмкіндік береді.  Мәтіннің аудио нұсқасы құлаққаптар арқылы таратылады. Егер жүйе тани алмай  жатса, көмекке қашықтан кеңес беруші қосылады.

Oton Glass компаниясы құрылғының ұсақ сериялы өндірісін 2018 жылдың соңында іске қосады.  Олардың бағасы қанша болатыны әлі белгісіз.

Қания Табыс

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!