Жекешелендіруден республикалық бюджетке 730 млн теңге түсті

Жекешелендіруден республикалық бюджетке 730 млн теңге түсті

2015 жылдың 16 сәуірі күнгі көрсеткішке орай, республикалық бюджетке 730 млн теңге теңге түскен. Бұл жөнінде ҚР қаржы Министрлігі хабарлайды.

«Сатылым кестесі бойынша, 2014-2015 жылдарға 492 нысан жоспарланған. 2014 жылдың маусым айы мен 2015 жылдың сәуіріне дейін 301 нысан жекешелендірілген. Ал, нақты 16 сәуірге дейін 278 нысан саудағы қойылып, оның ішінде 160 нысаны сатылған. Аталған нысандардың жетеуі республиканың меншігінде, коммуналды мүлік — 68, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) — 48, Холдинг нысандары — 37», — деп көрсетілген ақпаратта.

Саудадан түскен қаражат былайша бөлінді: республикалық бюджетке — 730 млн теңге, облыстық бюджетке- 745 млн теңге, Холдингтерге — 38 567 млн теңге және ӘКК — 2 915 млн теңге.

Одан бөлек, республикалық меншіктің 2014-2015 жылдарға жоспарланғаны 34 нысан. 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта 18 нысан жоспарланған. 16 сәуірде 18 нысан саудағы қойылып, оның жетеуі сатылды.

Коммуналды меншіктің кесте бойынша 2014-2015 жылдары 243 нысан жекешелендіріледі деп жоспарланған. 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың сәуір айының аралығында 139 нысан шығарылуы тиіс. Нақты 16 сәуір күнгі көрсеткіште саудаға 132 нысан қойылып, оның 68-і сатылған.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар бойынша кестеде 109 нысан жоспарда тұр. 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың сәуірі аралығында 75 нысан сатылымға қойылуы керек еді. 16 сәуірде дейін 64 нысан саудаға шығарылып, оның ішінде 48 нысан сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014-2015 жылдары 106 нысан жекеге өтуі тиіс. 16 сәуір күнгі көрсеткіш бойынша, 69 нысан сатылымға шығарылуы керек еді. Бірақ, нақты саны 64 нысан саудаға түсіп, оның 37-сі сатылды.