Жергілікті бюджеттегі салық түсімдері 1,7 триллион теңгеге дейін өскен

1742
Фото: Kapital.kz

Қазақстанда жергілікті бюджетке салық жинаудан  түскен қаржы бір жылда 13%-ға немесе 1,7 триллион теңгеге дейін өскен. Жергілікті бюджеттің көп бөлігін жеке табыс салығы құрайды. Салықтың бұл түрі бойынша көрсеткіш 2014 жылы 38%, 2016 жылы 40% болды.

Ең көп салық жиналған өңірлер: Алматы — 339 млрд теңге, Астана — 201 млрд теңге, Атырау облысы — 204 млрд теңге.

Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2017» есебіне сәйкес, Қазақстан «Салық салу» индикаторы бойынша 2016 жылы 60 орынға ие болды. Бұдан бұрын 57 орында болған еді.