Жетінші маусымға арналған мұнай және металл бағамдары

Өзенмұнайгаз
Фото: neftianka.ru
Алматы. 7 маусым. 7kun.kz — Жетінші маусымға арналған мұнай және металл бағамдарының бағасы анықталды. Мұнай:  Соңғы бес айдағы құлдыраудан кейін бейсенбі күні өткен сессияда мұнай бағасы тұрақтанды, бірақ АҚШ-тағы ұсыныстың өсуі мен әлемдік экономикадағы іркіліс салдарынан инвесторлардың көңіл-күйі нашар болды, деп жазады investing.com. 22: 01 жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасына тамыз фьючерстерінің құны 0,07%-ға, барреліне 60,64 долларға дейін төмендеді. Ал WTI фьючерстерінің бағасы 0,19%-ға, барреліне 51,61 долларға дейін арзандады.

Металдар: Алтын бағасы жетінші сауда сессиясы қатарынан өсуде. ФРЖ-ның пайыздық мөлшерлеменің мәнін төмендететіні туралы болжамдар ақыр соңында алтын бағасының әдеттегі ауқымнан жоғарылауына мүмкіндік берді. 22:03-те  алтынға тамыз фьючерсінің бағасы 0,67%-ға көтеріліп, бір троялық унциясы 1 342,65 долларғасатылды. Күміс фьючерстің құны 0,62%-ға — унциясы үшін 14,8 долларға дейін өсті.

Криптовалюталар: coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша, 23:35-те bitcoin 7 720,26 долларға сатылды.Соңғы 24 сағатта бірінші крипто-валюта 0,22%-ға арзандады, ал оның капитализациясы 136,9 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum құны 0,35%-ға қымбаттап, 243,67 доллар тұрды. Бұл криптовалютаның капитализацияы 25 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы — 246,4 млрд доллар.