Жезқазғанда қалдықтардан электр энергиясын өндіру ісі қолға алынады

Жезқазғанда
Фото: psnews.g

Алматы. 2 шілде. 7kun.kz – Жезқазғанда 8,2 млрд теңгенің биоэлектрлік станциясы салынады.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, станция Кеңгір ауылынан 2 шақырым жерде салынады.

«Жобаның құны 8,2 млрд теңгені құрайды, қуаттылығы жылына 110 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар немесе жылына 300 тонна», — деп толықтырды ведомствода.

Әкімдікте қалдықтар газға синтезделіп, әрі қарай электр энергиясына өңделетінін түсіндірді. Жобаны 2020 жылдың соңында іске қосу жоспарлануда. Жұмыспен 76 адам қамтамасыз етілмек.