Жомарт Ертаев «Таң» арнасының жартысын сатып алды

Жомарт Ертаев қазақстандық «Таң» арнасының тең иесіне айналды. Бұл туралы Today.kz-ке берген сұхбатында Tan Media Group директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов мәлімдеді.

«Өткен жылы келісім болған еді. Біз «Таң» арнасының 50 пайызын сатқанымызды хабарладық. Жаңа акционеріміз — Жомарт Ертаев», — деді ол.

Алайда кәсіпкер келісім-шарт сомасын атаған жоқ. «Қазір Жомарт Ертаевтың командасы телеарнаны басқарып отыр. Ол акционер есебінде», — деді А.Байтасов. Оның атап өтуінше, телекомпания акциясының жартысын әзірге өзі иеленіп отыр.

Сондай-ақ, медиахолдинг басшысы жаңа маусымда «Таңның» біршама форматын өзгертіп, спорттық-сауықтық арнаға айналғандығын да хабарлады.

«Телеарна үнемі жаңа, қызықты нәрсені ойлап табуға ұмтылады. Форматымыздың спорттық жаққа бұрылғанына қуаныштымын. Барлығы қолымыздан келетіндігіне сенімдімін. Спортқа деген қызығушылық үлкен. Әрі қазақстандық команданың Еуропалық Чемпиондар лигасына өткендігі біз үшін тіпті пайдалы болды. «Астана» командасының мұндай жарыстарға тобына өтуінен футболға деген қызығушылықтың артқандығын байқап отырмыз. Арнаға деген қызығушылық өсе түсе түсетіндігіне сенімдіміз», — деген сенім білдірді Арманжан Байтасов.

Сондай-ақ эфирде ақпараттық бөлімнің сақталып қалатындығын атап өтті. «Жаңалықтардан бас тартпаймыз, эфирде сақталады. Бізде жақсы рейтинг пен танымалдылыққа ие болған Qazaq news жаңалықтары қалады. Forbes журналымен жүргізіп отырған іскер жаңалықтар да сақталады», — деді медиамагнат.

43 жасар танымал қазақстандық кәсіпкер Жомарт Ертаев «Альянс банкті», «БТА банкті» (Украина) және «Еуразиялық банкті» басқарған. 2013 жылы Жомарт Ертаев Forbеs нұсқасы бойынша, Қазақстандағы ең ықпалды 50 кәсіпкердің тізіміне кірді.

Еске салайық, Жомарт Ертаев «Альянс банк» АҚ-дағы қаржыны ұрлауға қатысты іс бойынша күдікті болып отыр. Осыған дейін БАҚ-та оны тұтқындауға тырысқандары туралы ақпарат пайда болған еді, бірақ Бас прокуратура ешқандай мәлімдеме айтқан жоқ. Бақылау ведомствасының мәлімдеуінше, банк қызметкерлері қаржының жартысын қайтарған. Істі тергеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр.