Жыл басынан бері Электронды еңбек биржасы арқылы 71 мың адам жұмыс тапты

Электронды
Фото: rb.ru

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz — 2018 жылы Электронды еңбек биржасына 93 мың адам тіркелді деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасмованың айтуынша бірыңғай ақпараттық жүйе өмір бойы туылғаннан бастап 15 миллионнан астам қазақстандықты дербес есеппен қамтамасыз етеді және барлық кезеңдерінде автоматтандырылған қызмет көрсетеді.

«Қазірде министрліктің 34 қызметінің 17-сі автоматтандырылды, 2 қызмет проактивті түрде көрсетіледі, 7 қызметті тағайындау бойынша ақпарат электронды түрде  беріледі. Биылғы жылы Министрлік «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде үш ауқымды жобаны іске қосады. Бірінші –әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамыту.  Екінші цифрландыру жобасы — Электрондық еңбек биржасы болып табылады. Үшінші жоба — электрондық еңбек шарттарын тіркеу жүйесін енгізу», — деді министр.

Электрондық еңбек биржасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы іске асырылған жобасы болып табылады.

Жыл басынан бері 93 мың азамат Биржада тіркелді, ал 71 мыңнан астам адам оның көмегімен жұмыс тапты. Қазіргі кезде Биржаға 199 мемлекеттік жұмыспен қамту орталығының барлығы қосылып, 35 мың жұмыс беруші тіркелген, 31 мың өзекті вакансия бар.