Жыл басынан бері мұнай 31,8% — ға қымбаттады

Фото: reactor

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz –  2018 жылдың қараша айында қазақстандық мұнай 3,4% — ға қымбаттап, тоннасына 64,6 мың теңгеге жетті.  Қазан айында оның құны тоннасына 62,5 мың теңгені құраған. 2018 жылдың басынан бастап мұнай бағасы 31,8% — ға өсті.

Статистикалық деректерге сәйкес, қараша айында Қызылорда мұнайының бағасы жоғары болды. Шикізаттың тоннасы 95 мың теңге (жылдың басынан бастап өсуі 38,2%) бағаланды.

 Ақтөбе мұнайы жыл басынан бері 48,8% – ға (тоннасына 76,8 мың теңгеге дейін), Маңғыстау – 41,6% — ға (тоннасына 60,9 мың теңгеге дейін), ал Атырау-25,1% — ға (тоннасына 60,2 мың теңгеге дейін) қымбаттады.

 Өткен айда бензиннің тоннасы жыл басынан бері 0,8% — ға қымбаттап, шамамен 144,6 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар, дизель отыны 11 айда 25,3% – ға (166,1 мың тг) , ал мазут-18,2% — ға (54 мың тг) қымбаттады.