ЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1

Жыл соңына дейін «7-20-25» бағдарламасымен 600 отбасы жаңа пәтерге көшеді

Ал «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында биылғы жылы 4 800 отбасы жаңа пәтер алады.

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz –  Алматы қаласында «7-20-25» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 600 пәтер беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі мәлімдеді.

«7-20-25» бойынша жалпы сомасы 10,9 млрд. теңге болатын 843 пәтер несиесі мақұлданды. Бұдан басқа ағымдағы жылдың аяғына дейін бағдарлама талаптарына сәйкес келетін 600-ден астам пәтер пайдалануға берілмек. Ал «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында биылғы жылы 4 800 отбасы жаңа пәтер алады, өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20%-ке артты», – деді Бауыржан Байбек

Әкімнің айтуынша, «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында 4 200 жұмыс орны құрылып, 111 шақырым инженерлік желі жүргізілді. Сондай-ақ, 28 әлеуметтік тұрғын үй және 2 мектепке қосалқы ғимарат салынған.

Сонымен қатар, 2018 жылы 29 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылып, 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

.

Tags

Осы айдарда

Close