Жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету көлемі 18,1%-ға өсті

41
732
Фото: almatygorstroy.kz

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — 2019 жылдың үш тоқсанында жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша қызметтер көлемі 816,5 млрд теңгені құрады— 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 18,1% артық. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.

«Ауылдық жерлерге тек 26,4 млрд теңге ғана тиесіліі, бұл барлық қызмет көлемінің 3,2%-ын құрайды. 2018 жылы жылжымайтын мүлікке байланысты қызметтер көлемі 1,1 трлн теңгені құрады (НКИ — 108,7%), бұл 2017 жылға қарағанда 8,8%-ға көп», — дейді сарапшылар.

Сондай-ақ, секторда көрсетілген қызметтердің үштен екі бөлігі Алматы мен Нұр-Сұлтанға тиесілі.

«2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Алматыда қызмет көрсету көлемі 321,2 млрд теңгені құрады-өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға артық, Нұр-Сұлтанда — 203,4 млрд теңге, жыл ішінде 15%-ға өсті. Қызметтердің ең аз көлемі оңтүстік өңірлерге тиесілі: Түркістан (4 млрд теңге), Қызылорда (5,3 млрд теңге) және Жамбыл (5,6 млрд теңге) облыстары», — делінген хабарламада.

Сарапшылардың пікірі бойынша, жылжымайтын мүлікке қатысты қызметтердің жалпы көлемінің 67,4%-ы жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару есебінен келеді: 550,2 млрд теңге (бір жылдағы өсім — 14,7%).

Тағы 107,6 млрд теңге арендаға (қосалқы жалға) және жалға берілетін жылжымайтын мүлікті пайдалануға (+31,9%) және 80,8 млрд теңге (шамамен бір жыл бұрын) — жылжымайтын мүлікті сыйақы үшін немесе шарттық негізде басқаруға тиесілі.