Жылжымайтын мүлік нарығында жағдай қиындайды

475
мүлік

Теңгенің еркін айналымға жіберілуінен кейін көпшілікті мазалаған сұрақтың бірі – жылжымайтын мүлік нарығында қандай жағдай болады?  Сарапшылар жағдай қиындайды деп отыр

Бұл жағдай сатып алушыға да, сатушыларға да сәтті емес екені айтылады: олар өз нысандарын бұған дейін белгілеген бағаға сата алмайды. Барлығы күтуге кіріседі. Айтпақшы, қазірдің өзінде үй салушылар жұмысты тоқтатып қойды.

Сарапшылардың болжамына қарағанда, жылжымайтын мүлік нарығында кем дегенде қыркүйекке дейін өліара кезең күтіледі. Кейін ғана қозғалыс болуы мүмкін.

Теңгенің құлдырауы баспана нарығындағы келісімдердің санын айтарлықтай азайтады. Бұл жағдайда әсіресе доллармен кредит алып, бірақ бұған дейін бекітілген бағамен үй алып үлгермеген сатып алушылар зардап шегеді.

«Теңгенің шілдедегі құлдырауы нарық қатысушыларының көңіл-күйіне қатты әсер ете қоймады, себебі болжамда мұндай жағдайдың болатыны бар еді. Әрине, бұл жағдай кейбір тұтынушылардың тарапының келісімдерді кейінге қалдыруына және қызығушылық танытпай отырған сатып алушылардың кетуіне себеп болды», — деп есептейді Қазақстанның риэлторлар біріккен ассоциациясының вице-президенті Нини Лукьяненко.

Ол баспананың доллар эквивалентінде 20 пайызға арзандайтынын болжады. Алайда, оның пікірінше, Қазақстан бұл жағдайдан кейін құнды доллармен бағалауды доғармайды.

«Баспана құнының теңгемен есептелетін жағдайына өтуіне себеп көріп тұрғаным жоқ. Үкімет жүргізген соңғы шаралар нарық қатысушыларының келісімді доллармен жасасуға деген ниетін күшейтеді, себебі бұл сенімдірек валюта», — деді Лукьяненко.

Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов Қазақстан жылжымайтын мүлік нарығы үшін 20 тамызды «қара бейсенбі» деп атады. Оның пікірінше, алдағы уақытта екі сценарийді күту керек. «Біріншісі — нарық тұралап қалады, одан кейін құлдырайды, екіншісі — нарық бағаның төмендеуінің және бағаның дедолларизациясының есебінен қалықтап тұрады», — деп мәлімдеді ол бұл жағдайдың нарық қатысушыларына тәуелді екенін айта отырып. Алайда Мүсірепов алдағы 1-2 жылда доллармен бағаланған баспана құнының 20-30 пайызға дейін төмендейтінін айтты.

«Баспананың барлық сегментіндегі сатушылар мен жалға берушілердің доллардағы құнды 20-30 пайызға төмендететіні анық жайт, — деп мәлімдеді ол. — Жалпы алғанда алдағы жылдарда, менің ойымша, баға долларына 155-160 теңге қатынасындағы көрсеткішке оралады. Біз бұл межеге осы көктемде жетіп қойғанбыз. Келісімдер осы қатынаста жасалды. Баға құлдырауы тағы болады деп ойлаймын».

Ақпарат көзі: kaz.tengrinews.kz