Жыл басынан бері Қазақстандағы ЖІӨ 4,1 пайызға өсті

ЖІӨ
Фото: guide2dubai.com

Астана. 13 маусым. 7kun.kz — 2017 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстандағы ЖІӨ өсімі 4,1 пайызды құрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов хабарлады.

«ЖІӨ жақсы өсім көрсетті. 2017 жылдың қаңтар-мамырында жалпы өсімдегі өсім 4,1 пайызды құрады. Бұл реттегі қысқа мерзімді экономикалық индикатор 5,8 пайыз болды. Ал өнеркәсіптік өндіріс 7,8 пайызды көрсетті», — деп атап өтті Тимур Сүлейменов Астанада өткен үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облысынан басқа аймақтардың барлығында өсім байқалған. Бұл үш аймақ өткен жылдағы нәтижеге жетпеген.