1 теңге — 344,26 доллар

189
теңге
Фото: kapital.kz

Алматы. 12 шілде. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 12 шілдедегі доллардың орташа бағамы 344,26 теңгені құрады. 11 шілдедегі таңғы сессиямен салыстырғанда (342,45тг) ұлттық валюта бағамы 1,81 теңгеге әлсіреді. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 344,00 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 344,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 344,31 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 119 млн 200 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 237.

Ақша айырбастау орындарында 12 шілдеде долларда жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 345,5 теңгені құраған.