Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшыларының зейнетақы жинақтары 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 9,1 трлн теңгені құрады.
Қаңтар айында салымшылардың зейнетақы жинақтары 7,775 трлн теңге болды. Жыл басынан бері жинақтау 17%-ға өскен. "Бүгінгі күні жүйе сәтті жұмыс істеп, дамып келеді. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушылардың 10 млн. астам жеке зейнетақы шоттары ашылған , олардың жинақталатын зейнетақы қоры 9,1 трлн. теңге. Бүкіл тарих ішінде жүйеге зейнетақы жарналары түрінде 6,6 трлн теңге келіп түсті, сақтандыру ұйымдарына төлемдер мен аударымдар көлемі 1,2 трлн теңгені құрады", - деп атап өтті "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева. Айта кетейік, "БЖЗҚ" АҚ 2013 жылғы 22 тамызда құрылды. "БЖЗҚ" АҚ құрылтайшысы және акционері - Қазақстан Үкіметі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024