Экономика
1 желтоқсанда БЖЗҚ салымдарының көлемі 9 трлн теңгеден асты
Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшыларының зейнетақы жинақтары 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 9,1 трлн теңгені құрады.
Қаңтар айында салымшылардың зейнетақы жинақтары 7,775 трлн теңге болды. Жыл басынан бері жинақтау 17%-ға өскен.
"Бүгінгі күні жүйе сәтті жұмыс істеп, дамып келеді. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушылардың 10 млн. астам жеке зейнетақы шоттары ашылған , олардың жинақталатын зейнетақы қоры 9,1 трлн. теңге. Бүкіл тарих ішінде жүйеге зейнетақы жарналары түрінде 6,6 трлн теңге келіп түсті, сақтандыру ұйымдарына төлемдер мен аударымдар көлемі 1,2 трлн теңгені құрады", - деп атап өтті "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева.
Айта кетейік, "БЖЗҚ" АҚ 2013 жылғы 22 тамызда құрылды. "БЖЗҚ" АҚ құрылтайшысы және акционері - Қазақстан Үкіметі.