2014 жылдың үздік 7 құрылғысы

1596
құрылғы

Жаңа технологиялар адам өмірін жеңілдетіп, қызықты ету үшін жасалады. Әлемдік нарықта күн сайын жаңа гаджеттер мен девайстар шығып жатады. Әрине, бағасын екінің бірі көтере алмауы мүмкін. Бірақ, бір рет сатып алып оны ұзақ жылдар бойы тұтынғандар ақшасын ақтады деген пікір айтады.

1. Apple iPhone 6 және iPhone 6 Plus смартфондары

img_42081

Apple компаниясының аты әлемге әйгілі. Жыл сайын кезекті смартфондарын таныстырып тұрады. Осы жылы қолданушыларын екі бірдей смартфонмен қуантты. Оларға iPhone 6 және iPhone 6 Plus деген атау берілді.

Екеуінің алып бара жатқан айырмашылығы жоқ. Тек дисплей мен 4.7 және 5.5 дюймдік габариттерімен ғана ерекшеленеді. Бұрынғы шыққан смартфондардан тағы бір өзгешелігі — мобильдік құрылғылардың өнімділігін 20 пайызға көбейтетін қуатты процессор.

Өткен модельдеріндегі дизайн біраз өзгеріске ұшырағанын көпшілік бір көргеннен байқады. Қазіргі таңда дүкендердегі су жаңа iPhone 6 және iPhone 6 Plus бағалары 200 мың мен 240 мың теңге аралығында.

2. Apple Watch сағаттары

rrryorrre-sreserrr-2014-09-09-ri-22-50-50

Бұл «ақылды сағаттарды» да шығарған Apple компаниясы. Бұл модельдің дисплейлері 38 және 42 миллиметрлік екі нұсқада шықты.

Бұл құрылғыны сенсорлық экран мен скроллингке арналған дөңгелекшемен басқарады. Бірақ, кішкентай ғана сағаттың ең қарапайым түрінің өзі 130 мың теңгеден басталады.

3. Сезімтал Pepper роботы

55892170811f6_robot_pepper

Pepper роботын жапондық Softbank компаниясы жасап шығарған. Аталған модель танып қана қоймай, адамның түрлі көңіл-күйін жасанды интеллект есебінен сезіне алады.

Роботтардың сенімді және жұмыс істеу қабілетінің жоғары екендігі дәлелденді. Қалай десеңіз,  Nestle компаниясының тұрмыстық техника дүкендерінде кеңесті сатушы қызметінде істеген. Иә, олар расымен адамның көңіліне қарайды, сезінеді дейді көргендер. Адамға ұқсас темірдің бағасы — 1500 АҚШ доллары.

4. Ibis Dual Face сағаттары

Ibis-03-Black-Compr

Іbis Dual Face – бұл да көптеген функцияларды атқара білетін сәнді сағат. Қолға таққанда әдемі көрінеді. Құрылғы  iOS және Android операциялық жүйелерімен жұмыс жасайды.

Сонымен бірге, мәліметтер алмасуға мүмкіндік беретін Wi-Fi және Bluetooth-бен жабдықталған.

5. Nex Band білезігі

nex-bracelet-1

Nex Band – Mighty Cast компаниясы шығарған модульдік білезік. Бұны фитнес трекер ретінде пайдалануға болады. Және де оның көмегімен өз достарыңызға түрлі түсті код арқылы хабарламалар жіберуге болады.

6. Google Nexus 6 смартфоны

Motorola компаниясы шығарған Google Nexus 6 смартфоны Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайды.
Дисплейі — 5.9 дюйм болатын құрылғы өте мықты жасалған. 4 ядролық процессорының диілігі 2.7 ГГц. Жоғары сапалы суреттер түсіруге мүмкіндік беретін 13 мегапиксельдік камерамен жабдықталған.

Ең басты артықшылығы — жарты сағатта толық қуат ала алады. Бағасы шамамен, 650 АҚШ доллары.

7. Inspire 1 дрон-трансформері

fc913ffb4164527ea06e519b6ac68bb3

Inspire 1 – ұшқышсыз ұшатын аппарат. Оның алыстан видео түсіруге үшін камерасы бар. Салмағы бар болғаны 2,9 килограмм. Максимал ұшу жылдамдығы — секундына 4 метрге жетеді.