2015 жылы алматылықтар VIP-нөмірлер үшін 91 млн теңге жұмсаған

572
2015 жылы алматылықтар VIP-нөмірлер үшін 91 млн теңге жұмсаған

Осы жылдың басынан бері Алматы қаласының тұрғындары 267 VIP-нөмір сатып алған.  Жалпы құны -9 1 млн теңге. Бұл туралы «Алматы» арнасы хабарлайды.

Әдемі нөмірлер арасындағы ең танымал және ең қымбат комбинация — «777». Бағасы — 422 256 теңге. Бірыңғай 7 цифрынан тұратын 43 мемлекеттік нөмір сатылып үлгерген.

Еінші орында — 222.  Құны 253 724 теңге тұратын мұндай 36 нөмір сатылған. «001» комбинациясы үшінші орынға жайғасты. Алматы тұрғындары әр қайсысы 420 мың теңге тұратын 16 нөмірге ие болған.

Еске салайық, VIP-нөмірлер 2014 жылдың 20 қазанынан бастап сатылымға шықты.