Познавательный
2015 жылы алматылықтар VIP-нөмірлер үшін 91 млн теңге жұмсаған
Осы жылдың басынан бері Алматы қаласының тұрғындары 267 VIP-нөмір сатып алған. Жалпы құны -9 1 млн теңге. Бұл туралы "Алматы" арнасы хабарлайды.
Әдемі нөмірлер арасындағы ең танымал және ең қымбат комбинация - "777". Бағасы - 422 256 теңге. Бірыңғай 7 цифрынан тұратын 43 мемлекеттік нөмір сатылып үлгерген.
Еінші орында - 222. Құны 253 724 теңге тұратын мұндай 36 нөмір сатылған. "001" комбинациясы үшінші орынға жайғасты. Алматы тұрғындары әр қайсысы 420 мың теңге тұратын 16 нөмірге ие болған.
Еске салайық, VIP-нөмірлер 2014 жылдың 20 қазанынан бастап сатылымға шықты.