Фото:Kapital.kz

Алматы. 15 ақпан. 7kun.kz — 2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 643581 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінен хабарлайды. 

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 643581 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 11,9% кем. Қазақстан Республикасында 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3845,3 мың бірлікті құрады. 

2016 жылы 25779 адам зардап шеккен 17974 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 5,0%-ға азайған.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 22,7 млрд теңге сомасына 67076 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.

2016 жылғы қаңтар-желтоқсанда тіркелген жеңіл автомобильдердің саны

  2016 жылғы қаңтар-желтоқсандағы барлығы соның ішінде тіркелгендері 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанға, %-бен

соның ішінде тіркелгендері
жеке тұлғалармен заңды тұлғалармен жеке тұлғалармен заңды тұлғалармен
Қазақстан Республикасы 643 581 610 282 33 299 88,1 87,8 95,3
Ақмола 25 781 24 285 1 496 84,0 82,7 110,5
Ақтөбе 30 590 28 656 1 934 92,0 89,6 151,6
Алматы 86 730 85 238 1 492 98,8 99,1 85,0
Атырау 19 383 18 327 1 056 79,8 79,4 86,3
Батыс Қазақстан 20 176 19 062 1 114 82,2 81,8 90,2
Жамбыл 33 819 33 085 734 100,4 101,0 79,2
Қарағанды 45 290 43 698 1 592 86,2 85,4 113,7
Қостанай 25 217 23 858 1 359 77,8 76,4 115,7
Қызылорда 20 591 19 750 841 100,4 101,4 81,7
Маңғыстау 28 448 27 114 1 334 85,2 84,6 98,9
Оңтүстік Қазақстан 85 946 83 988 1 958 90,8 91,9 61,7
Павлодар 23 843 22 912 931 79,0 79,6 65,5
Солтүстік Қазақстан 15 908 15 000 908 71,3 70,9 78,8
Шығыс Қазақстан 42 036 40 123 1 913 80,7 79,8 105,1
Астана қаласы 52 018 48 561 3 457 85,2 84,3 102,0
Алматы қаласы 77 596 71 020 6 576 90,6 89,9 97,9
Дипломатиялық нөмірлер 6 150 2 853 3 297 77,8 79,3 76,6
Өңірі көрсетілмеген 4 059 2 752 1 307 119,4 87,1 549,2

2016 жылғы қаңтар желтоқсан аралығы бойынша автомобильдердің ең көп тіркеліуі қазан айында байқалады. 2016 жылғы желтоқсанда тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 2016 жылғы қарашамен  салыстырғанда 10,0%-ға кем,  ал 2015 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 14,5 %-ға аз.